VPN (IP VirtualPrivateNetwork) виртуалды жеке желілер IPVPN немесе L2VPN көмегімен ұйымдастырылады, және кеңселер мен клиенттің болу нүктелерін заңсыз кіруден қорғалған бірыңғай желіге біріктіруге мүмкіндік береді.
VPN шешімі:
E1 сандық ағымы көп каналды телефон желісінде сапалы дыбыстық каналдарды ұйымдастыру үшін қолданылады. Ірі мекемелерде, сонымен бірге телефон желілеріне түсетін жүктемені бөлу және телефондық нөмірлік сыйымдылықты кеңейту кезінде әкімшілік құрылымдарда пайдаланылады. Е1 ағымы бір сандық ағымда 30 бір мезгілдегі сапасы жоғары дыбыстық каналдарды ұйымдастыруға және телефон нөмірлерінің көптеген мөлшерін қосуға мүмкіндік береді (Клиенттің АТС масштабталуына ғана байланысты болады)
SIP trunk – бұл телефон нөмірлерінің кез келген санын қосуға мүмкіндік беретін, клиенттің IP-телефония және кеңселік IP-АТС провайдерінің (операторының) арасындағы виртуалды байланыс каналы. Өз кезегінде мұндай әрбір нөмірдің сыртқы байланыстыру желілерінің шектелмеген саны болуы мүмкін (бір нөмір бойынша бір мезгілдегі сөйлесулердің саны). «SMARTNET» ЖШС компаниясынан SIP trunk RFC 3261 стандартында және оның қосымшаларында (RFC 2976, RFC 3262, RFC 3265, RFC 3428, RFC 3515, RFC 3903) сипатталған SIP 2.0 нұсқасындағы хаттаманы пайдаланады
SMARTNET компаниясы сіздерге SMARTPBX виртуалды АТС қызметін ұсынуға дайын.
Бұл қызметті пайдаланған кезде клиентке өзінінің АТС сатып алу қажет болмайды, сыртқы және ішкі нөмірлік жоспарларға тапсырыс беру жеткілікті, бұл клиентке өзінің телефон желісін құруға және оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстарды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.