Сервистер

-->

Виртуалды АТС SMARTPBX

SMARTNET компаниясы сіздерге SMARTPBX виртуалды АТС қызметін ұсынуға дайын. 

Бұл қызметті пайдаланған кезде  клиентке өзінінің АТС сатып алу қажет болмайды,  сыртқы және ішкі нөмірлік жоспарларға тапсырыс беру жеткілікті,  бұл клиентке өзінің телефон желісін құруға және оған қызмет көрсетуге  жұмсалатын шығыстарды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. 
 

SMARTNET компаниясының Интернет желісіне қолжетімділік бар кез келген жерде «SMART PBX виртуалды АТС» қызметін көрсетуге мүмкіндігі бар.  Бұл кезде желі ішіндегі барлық қоңыраулар мүлдем тегін жүзеге асырылатын болады. 

Sip TRUNK

SIP trunk – бұл телефон нөмірлерінің кез келген санын қосуға мүмкіндік беретін, клиенттің IP-телефония және кеңселік IP-АТС  провайдерінің (операторының) арасындағы виртуалды байланыс каналы. Өз кезегінде мұндай әрбір нөмірдің сыртқы байланыстыру желілерінің шектелмеген саны болуы мүмкін (бір нөмір бойынша бір мезгілдегі сөйлесулердің саны). «SMARTNET» ЖШС компаниясынан  SIP trunk RFC 3261 стандартында және оның қосымшаларында (RFC 2976, RFC 3262, RFC 3265, RFC 3428, RFC 3515, RFC 3903) сипатталған SIP 2.0 нұсқасындағы хаттаманы пайдаланады

E1 ағымы

E1 сандық ағымы  көп каналды телефон желісінде сапалы дыбыстық каналдарды ұйымдастыру үшін қолданылады.  Ірі мекемелерде, сонымен бірге телефон желілеріне түсетін жүктемені бөлу және телефондық нөмірлік сыйымдылықты кеңейту кезінде әкімшілік құрылымдарда пайдаланылады. Е1 ағымы бір сандық ағымда 30 бір мезгілдегі сапасы жоғары дыбыстық каналдарды ұйымдастыруға және телефон нөмірлерінің көптеген мөлшерін  қосуға мүмкіндік береді (Клиенттің АТС масштабталуына ғана байланысты болады)

Интернет желісіне кіру

SMARTNET компаниясы Қазақстандық, Ресейлік және Шетелдік трафикке жылдам кіруді қамтамасыз ететін деректерді берудің өзіндік каналдарын пайдалана отырып, Интернет желісіне және трафиктің үлкен көлемін жоғары жылдамдықпен беруге бөлінген қолжетімділікті ұсынады.

Интернет желісіне кіру деректерді берудің жоғары жылдамдығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін  SMARTNET талшықты-оптикалық желісін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Сіз Интернет желісіне үйлесімді канал (технология Ethernet) арқылы кіресіз, яғни деректерді алу жылдамдығы екі бағытта да жоғары болып табылады.

Интернет желісіне кірудің сыртқы каналдары резервке қойылған. Форс мажорлық жағдайлар болған кезде резервтік каналға автоматты түрде қосылу жүреді, бұл қызметтерді үздіксіз көрсетуге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Интернет каналдардың орташа пайдаланылуы 70 % құрайды, сыртқы каналдар сыйымдылығының артуы айына бірнеше рет жүреді.  SMARTNET компаниясы жер үстіндегі каналдарды пайдаланады.

Қала бойынша SMARTNET талшықты-оптикалық желісінің болуы  клинеттерге Интернет желісіне кіру қызметтерін ауқымды түрде пайдалануға мүмкіндік береді

Каналы передачи данных VPN

VPN (IP VirtualPrivateNetwork) виртуалды жеке желілер IPVPN немесе L2VPN көмегімен ұйымдастырылады, және кеңселер мен клиенттің болу нүктелерін заңсыз кіруден қорғалған бірыңғай желіге біріктіруге мүмкіндік береді.

VPN шешімі: 

  • қала бойынша және ел ауқымында аумақтық жағынан таралған филиалдарды біріктіру
  • желінің қауіпсіздігін арттыру
  • шығыстарды тиімділендіру
  • деректерді беру каналдарына қойылатын ерекше талаптарды қанағаттандыру (L2, L3, MTU деңгейі)
  • Сервистің түрлі деңгейлерін (қызмет көрсету кластарын) қамтамасыз ету үшін тиімді болып табылады, бұл дыбыстық трафикті беруді жергілікті желілердің деректерімен интеграциялауға, және бейнені сапалы түрде беруге мүмкіндік береді.
     

VPN желісі SMARTNET жоғары жылдамдықтағы талшықты-оптикалық желісіне негізделеді. Қосылу  Ethernet технологиясы бойынша 1 Гбит/с дейінгі жылдамдықта жүзеге асырылады.

.

 VPN артықшылықтары

Тапсырыс берушінің кеңселері мен техникалық орталықтарын деректерді берудің бірыңғай желісіне біріктіру үшін бөлінген каналдарды пайдалану қажеттілігінің болмауы виртуалды жеке желілерді құрудың басты ерекшелігі болып табылады. Бұл жағдайда  Тапсырыс беруші келесі артықшылықтарды алады:  

SMARTNET телекоммуникациялық желісі Алматы және Астана қалаларындағы өзідік талшықты-оптикалық айналымы арқылы улиенттерді жоғары жылдамдықпен қосуды қамтамасыз ететін, ауқымды жабу аймағына, жоғары деңгейдегі сенімділікке және басқарушылыққа, сондай-ақ қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету бойынша бірегей мүмкіндіктерге ие NGN (NextGenerationNetwork) - қазіргі заманғы технологиясының базасында құрылған.  

SMARTNET компаниясы бизнес-орталықтардың қазіргі заманғы телекоммуникациялық ортасын құруға көмектесе отырып, құрылыс компанияларының, инвесторлардың және басқарушы компаниялардың әріптесі болып табылады.

 

Сіздің компания үшін SMARTNET  ұсынысының артықшылықтары:

  • қазіргі бар телекоммуникация желілерін шығару қызметтері;
  • ғимараттарды байланыс қызметтерімен жарақтандыруға инвестициялық түрде қатысу;
  • объектінің құрылысын жүргізу кезеңінде басқарушы және құрылыс компанияларына қызметтердің толық кешенін ұсыну;
  • қызметтердің толық ауқымы, жоғары сапасы және сенімділігі;
  • жалға алушыларға қызмет көрсету бойынша иелерімен және басқарушы компаниялармен өзара тиімді ынтымақтастық жасау.

 

Жылжымайтын объектілерді қосу кезінде SMARTNET жалға алушылардың немесе тұрғындардың күн санап артып отыратын қажеттіліктеріне сәйкес көрсетілетін қызметтердің ауқымын кеңейту мүмкіндігімен болашақ пайдаланушылардың қажеттіліктерін талдаудан бастап түпкілікті пайдаланушыларға қызмет көрсетуге дейін жұмыстардың толық кешенін жүзеге асырады.   

Компания ғимаратқа дейін талшықты-оптикалық байланыс желілерін тартуды жүзеге асырады және оны SMARTNET желісіне қосады. Бұл шешім бір канал арқылы (100 Мбит/с жылдамдықта) телефония, деректерді беру, Интернетке кіру және телевидения қызметтерін көрсетуге мүмкіндік береді.

 

Біз дамыған телекоммуникация қызметтеріне – сандық телефония байланысына және Интернет желісінің ресурстарына қолжетімділіктің болуы – қазіргі заманғы адамдардың іскерлік және жеке өмірінің міндетті элементіне айналғанын, ал жылжымайтын объектілердің телекоммуникация қызметтерімен қамтамасыз етілуі – болашақ жалға алушылар немесе тұрғындар тарапынан бұл объектілердің тартымдылығын арттыру факторы болып табылатынын назарға аламыз.

Біз Сізбен кез келген уақытта кездесуге және Сіздің ұйыммен біздің мүмкін болатын ынтымақтастығымыз бойынша Сіздің барлық қалауларыңыз бен ұсныстарыңызды қарастыруға қуаныштымыз.