E1 ағымы

E1 сандық ағымы  көп каналды телефон желісінде сапалы дыбыстық каналдарды ұйымдастыру үшін қолданылады.  Ірі мекемелерде, сонымен бірге телефон желілеріне түсетін жүктемені бөлу және телефондық нөмірлік сыйымдылықты кеңейту кезінде әкімшілік құрылымдарда пайдаланылады. Е1 ағымы бір сандық ағымда 30 бір мезгілдегі сапасы жоғары дыбыстық каналдарды ұйымдастыруға және телефон нөмірлерінің көптеген мөлшерін  қосуға мүмкіндік береді (Клиенттің АТС масштабталуына ғана байланысты болады)

Тапсырыс беру

Негізгі артықшылықтары

Алыстағы кеңселерді біріктіру

Түрлі кеңселер немесе қалалардың қызметкерлерінің арасында қысқа нөмірлер бойынша қоңырау шалумен  бірыңғай виртуалды желіні құру мақсатында түрлі филиалдарды біріктіру мүмкіндігі. Бұл жағдайда, клиенттік АТС ішкі нөмірленуін анықтау және әрбір абоненттің бөлінісінде қоңыраулар статистикасын нақтылау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі

Жоғары сенімділік пен қорғалу

Сигналды санмен кодтау есебінен жақсы кедергіге төзімділік және сөздің жоғары сапасы қамтамасыз етіледі.  ISDN PRI тұжырымдамасы өздігінен оператордың жабдығынан клиентке дейін деректерді берудің оқшауланған каналы болып табылады, сондықтан технологияның өзінің арқасында «тыңдаудан» қорғаныс  жүзеге асырылады

Қосымша қызметтердің ауқымды түрлері

АТС-те қызметтерді  пайдаланумен бірге біздің клиенттердің  RemoteOffice немесе Simultaneousring секілді «SMARTNET» ЖШС-нің қосымша қызмет көрсету түрлерін қосуға мүмкіндігі бар. Қызметтердің толық тізімін оператордан нақтылау қажет